Басты бетҚызметтерФасилитация және HR-консалтинг

Фасилитация және HR-консалтинг

Фасилитация – ағылшынның facilitate сөзінен шыққан, ол – көмектесу, жеңілдету, ықпал ету дегенді білдіреді.

Фасилитация — бұл топтың ортақ түсінігін қалыптастыру немесе шешім қабылдауы үшін процес пен кеңістікті кәсіби ұйымдастыру.

Фасилитатор топтық жұмыс процесін кәсіби түрде ұйымдастырады, тиімдірек болуға және дұрыс бағытта жүруге көмектеседі. Фасилитатордың мақсаты – мазмұнға форма беруге, шешім қабылдау процесін жеделдетуге және процеске шығармашылық көзқарасты қамтамасыз етуге көмектесу. Сессияға қатысушылар мазмұн үшін, ал фасилитатор талқылау және шешім қабылдау процесі үшін жауап береді.

 

Фасилитацияны келесі жағдайларда қолданады:

  • Белгіленген мақсатқа тезірек жету
  • Команданың тиімділігін арттыру
  • Жаңа жобаны іске қосу
  • Компанияның құндылықтары мен миссиясын құруды қамтитын стратегиялық сессиялар өткізу
  • Ұйымды трансформациялау жөніндегі іс-шараларды өткізу
  • Компанияның мәселелерін шешу
  • Маңызды, айқын емес шешімдер қабылдау
  • Персоналды жұмысқа тарту және дамытуға көмектесу
  • Және тағы басқалар

«Парасат» медиация және құқық орталығы фасилитациялық сессияларды офлайн және онлайн форматта өткізеді.

Біздің орталықтың фасилитаторлары фасилитациялық сессияларды өткізудің үлкен практикалық тәжірибесіне ие, арнайы оқудан және халықаралық сертификаттаудан өткен.

Әрбір фасилитациялық сессия клиенттің жеке ерекшеліктерін және нақты міндеттерді ескере отырып әзірленеді.

 

HR консалтинг

Кез келген компанияның немесе ұйымның негізін персонал құрайды. Компанияның дамуының өмірлік циклінің кез келген кезеңінде персоналды басқару тиімділігін арттыру міндеттері тұрады. Кез келген стратегияны жүзеге асыра алатын кәсіби мамандар болмаса, ол баяулап немесе мүлдем жүзеге асырылмауы мүмкін.

Тіпті ең тиімді командада да жағымсыз сценарийлер, өзара түсініспеушілік және персонал арасындағы үйкелістер туындайды. Персоналдың тартылғандығы, адами ресурстарды дамыту, мотивация жүйесі және тағы басқа мәселелер ерекше өткір тұрады.

Әрбір компания бірегей және сыртқы ортадағы жағдай үнемі өзгеріп отырады. Дәл осы себепті, кез келген стандартты шешімді өзекті шектеулер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, нақты бизнеске бейімдеу қажет.

Біз сіздерге осы бағытта келесі қызметтерді ұсынамыз:

  • Ағымдағы жағдайды және жағымсыз факторлардың туындау себептерін талдау
  • Түзету іс-шараларын әзірлеу
  • Түзету іс-шараларын іске асыру және ұзақ мерзімді әсерді қамтамасыз ететін құралдар мен рәсімдерді енгізу
  • Біздің сарапшыларымыздың қатысуымен де, халықаралық жаттықтырушыларды шақыру арқылы да тренингтер мен семинарлар